1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
“ҚазАвтоЖол“ қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
565
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 15 қазанда бірнеше өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Шымкентте, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.

"Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады",  деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".