Баян Алагөзова болашақ жоспарын айтты.
«Өзімді қартайып жатырмын деп есептемеймін»: Баян Алагөзова тағы балалы болғысы келетінін айтты
Фото: видеодан кадр
447
оқылды

Жақында екі сәбиі дүниеге келген продюсер Баян Мақсатқызы “Көреміз” бағдарламасында тағы балалы болғысы келетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол өзін отыз жастағыдай сезінетінін атап өтті.

«Жасым 50-де болса да, өзімді қартайып жатырмын деп есептемеймін. Екі немеренің сүйікті әжесімін. Үшіншісін күтіп отырмыз. Тіпті, балаларыма не беріп үлгеремін деп уайымдамаймын. Ұзақ жас пен денсаулық болса, балаларыма әлі көп дүние бере аламын. Олар мен сияқты ананың баласы болғанына бақытты болуы керек деп ойлаймын. Тек қыздардың анасы болғаным үшін бақыттымын. ...Бізде тағы бір бала бар. Екі жылдан кейін оны да дүниеге әкелеміз деп ойлаймын. Ең маңыздысы – денсаулық. Қазір мен өзімді жас қыздай сезінемін. 30 жастан кейін өзімді өзгердім деп айта алмаймын. 30 жасымда қандай болсам, бүгін де дәл сондаймын", – дейді Баян Алагөзова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.