Түркістан облысының құтқарушылары 75 тонна шөпті өрттен қорғап, өрттің таралуына жол бермеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төле би ауданының Біркөлік ауылында жеке тұрғын үй аумағында алдын ала болжаммен 275 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылысы және 15 тоннаға жуық жиналған шөп жанды.
«Өрт сөндірушілер өрттің 2000 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 75 тонна шөпті өрттен құтқарды. Өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.