«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Зағип жандармен меморандумға қол қойды
699
оқылды

Бұл меморандумның мақсаты – мүгедек жандардың құқықтарын қорғау шараларын жетілдіру және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына ықпал ету.

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы М.Жолдыхожаев: «Қала­мыздағы мүгедектігі бар азаматтар осы меморан­думның шарапатын көреді деп сенемін», – деп атап өтті. Ол зағип жандардың мем­лекет қамқорлығынан тыс қалдыр­ылмайтынын және алдағы уақытта аталған ұйым мүшелерімен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алатындарын айтты.

Сонымен қатар «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының директоры М.Примжанов мемлекет тарапынан тиісті шаралардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ол алдағы уақытта да игі істердің орындалатынына сенім білдіріп, қала аумағынан зағип жандарға арналған мәдениет үйін ашуға қатысты ұсыныс білдірді. Бұл жоба мүгедектігі бар жандарды қолдауға бағытталған маңызды бастама болар еді.

М.Жолдыхожаев ұсынысты қабылдап, партия мүшелерімен бірлесіп мәселенің шешілуіне ықпал ететінін жеткізді.