Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар жаңа әдістерді пайдаланып, қазақстандықтардың жеке деректерін иемденуге көшкенін мәлімдеді.
Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
1,540
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар жаңа әдістерді пайдаланып, қазақстандықтардың жеке деректерін иемденуге көшкенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антикордың мәліметінше, алаяқтар жасанды интеллект технологиясын пайдаланып, әлеуметтік желіде ақылы негізде адвокаттық қызметті ұсыну бойынша сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттейді. Олар таратқан бейнежазбалар монтаждалған кадрлардан құралып, жалған дыбыстық сүйемелдеу жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Аталмыш шара тек офлайн форматта өткізіледі.

– "Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен хабарламаларды алған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", – делінген Антикор хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.