Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 – 488 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?
1,495
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483- 488 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлттық банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 484,11 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге.

Еуро – 528,79.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,6 теңге. Еуро 530 – 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 – 5,11 аралығында саудаланып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.