Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде әріптесі Олжас Абайдың видеосын жариялап, әріптесімен қатты ұрсысып қалатын кезі болатынын айтты.
"Екі жаудың баласындай тас-талқан боламыз": Бадықова Олжас Абаймен арақатынасы туралы айтты
Фото: видеодан алынды
1,317
оқылды

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде әріптесі Олжас Абайдың видеосын жариялап, әріптесімен қатты ұрсысып қалатын кезі болатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дариға Бадықова Олжас Абайдың бейнежазбасын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Онда қос актердің кемеде тұрғанын көруге болады. Бадықова аталмыш видеоға қатысты жазба қалдырып, елді ойландырып қойды. Өнер иесі әріптесімен арақатынасы туралы шындығын айтқан. Ол Олжас Абаймен қатты ұрсысып қалатын кездері болатынын жеткізді. Алайда сондай сәттерде оларды татуластыратын адам болмай қалатынына күйінді.

"Екеуіміз екі жаудың баласындай тас-талқан боламыз. "Әй, қойыңдар!" деп бір адам татуластырмаған. Керісінше концертімізді көреді. Неге, сонда?", – деп жазды Бадықова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.