«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Астанаға Армения президенті келді
Фото: Ақорда
325
оқылды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ақорда.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.