Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне байланысты тергеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Прокурор тергеу барысында ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын айтты.
- Сот процесінің ашықтығы жөніндегі мәселе бойынша прокуратураның сотқа өтініш енгізуі қарастырылады. Сондай-ақ марқұмның отбасы тұрған үйдегі өртті зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерден маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адамнан жауап алынды. Оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды, - деді Берік Адамов.
Сондай-ақ Берік Адамов өрттен кейін оқиға орнына барған мамандар алдын ала болжам бойынша оттың сырттан қойылғанын айтқанын мәлімдеді.
- Оқиға орнынан табылған канистр мен резіңке қолғаптарға зерттеу жүргізіліп жатыр, - деді прокурор.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.