15 қазанға арналған доллар бағамы.
Қор биржасында доллар бағасы тағы қымбаттады
1,773
оқылды

Қазақстан қор биржасында доллар құны тағы да қымбаттады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Сауда-саттықтың қорытындысына сәйкес доллардың орташа бағасы 2,90 теңгеге қымбаттап, 487,42 теңге болды. 

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағасы – 485-486 теңге, ал сату құны – 490-491 теңге болып тұр. Ал Алматыда сатып алу – 487,5-489 теңге, сату – 489-493 теңге.