Енді елімізде жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Жастарға ауылдық, аудандық және облыстық деңгейдегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік бар. Саладағы жаңашылдықтар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.
Бүгінде елде 83 мың мемлекеттік қызметкер бар. Ал бос лаузымдар саны мыңнан асады. Сала имиджін арттыру үшін мемлекеттік қызметке жеке сектордан білікті мамандарды тарту және оларды жоғары лауазымдарға тағайындау тәжірибесі қолданыла бастады. Сондай-ақ, азаматтардың бұған дейінгі еңбек өтілін мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімен теңестіру қарастырылған.
– Қазіргі таңда 505 өңірлік кадрлық резервке жастарымыз өтті. Жастарымызды мемлекеттік қызметке тарту бойынша бұл үлкен өзгерістің бірі. Сол себепті біз біліктілік талаптарын өзгертіп, кадрларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Яғни, жеке секторда істеген мамандарды біз функционалдық бағыты бойынша жұмысқа қабылдай аламыз, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.