Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен әңгімелесті.
Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті
747
оқылды

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысының жұмысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Келіссөздерде еуропалық делегацияны ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто бастап барды.

Ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырысының дәстүрлі күн тәртібі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық өлшемдегі екіжақты өзара іс-қимылға шолуды, сондай-ақ Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ережелері негізінде жан-жақты диалогты кеңейту жөніндегі бірлескен қадамдарды талқылауды қамтыды.

Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен әңгімелесті, оның барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды.