Желідегі оқырмандарының бірі тележүргізушіден күйеуі өмірден өткеннен кейін қалай өзіне келіп, ес жиғаны жайлы сұраған.
«Жалғыздықты жеңудің нақты формуласы жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ sultankyzy
1,605
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Желідегі оқырмандарының бірі тележүргізушіден күйеуі өмірден өткеннен кейін қалай өзіне келіп, ес жиғаны жайлы сұраған. 

«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер де көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым»,  деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.