Бүгінгі Мәжіліс отырысында “Amanat” партиясы фракциясының мүшесі, депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов газ пайдаланудан зардап шеккендердің санын ұлғайғанын сөз етіп, газ жұмысын бақылауға алатын арнайы басқарманы құру керегін айтты.
Газ инспекциясы құрылмай, ел ішіндегі қауіп пен қатер азаймайды – Бақтықожа Ізмұхамбетов
241
оқылды

Депутаттың айтуынша, бүгінгі күні еліміздің 11 облысында және республикалық маңызы бар  және 3 қалада газ тарату жүйесі жұмыс істейді.  Тұтынушылар арасында газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанмен, жазатайым оқиғалар артып келеді.

– 2019-2023 жылдары газ пайдаланудан зардап шеккендердің саны 536 адам болса, оның 186-сы адам өлімі. Мысалы, 2019-2022 жж. жылыту кезеңінде Шымкент қаласы бойынша келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны 22, зардап шеккен 55 адам, оның ішінде өлім жағдайымен 13 адам тіркелді. Сондай-ақ 2021-2022 жж. жылыту кезеңінде келіп түскен жаза деген тайым оқиғаның саны 14-ке жеткен. 22 адам зардап шексе, оның ішінде өлім жағдайымен 17-сі тіркелді, – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов. 

Мәжіліс депутаты тұрмыстық баллондар мен газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар 2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілгенін айтты. 

– Бұл – мүлдем жеткіліксіз. Бақылаушылардың саны да, бақылайтын, тексеретін базасы мен қажетті құралдары да жоқ, міндеттері мен жауапкершіліктері де белгіленбеген.  Бұрыңғы газ инспекциясы құрылмаса, қауіп пен қатер азаймайды.  Қажетті қаржыға келсек, қираған ғимараттардың құны бұл шығыннан әлдеқайда көп. Адам қаупсіздігінен қаржы үнемдеудің керек емес екені сірә дә белгілі. Сондықтан газ пайдалану қауіпсіздігін қадағалайтын және жауап беретін органды қарастыруды ұсынамын, – дейді Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.