Қайғылы оқиға Сырым ауданы Бұлдырты ауылында болған.
БҚО-да полиция қызметкері трактормен адам қағып кетті
374
оқылды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері трактормен адам қағып кеткен. Оқиға салдарынан 1979 жылғы адам қайтыс болды. Ал полиция жұмыстан шығарылған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға Сырым ауданы  Бұлдырты ауылында болған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– 11 қазан күні Сырым ауданы Бұлдырты ауылында «МТЗ-80» тракторын басқарған азамат абайсызда 1979 жылғы адамды қағып кетті. Азамат алған дене жарақатынан сол мезетте қайтыс болды. Трактор рулінде Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкері болған. Полицей ол кезде еңбек демалысында болғаны анықталды. Оқиғадан кейін ол дереу тұтқындалды, – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали. 

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апаттан кейін полицей дереу қамауға алынған, бірақ кейін сот шешімімен ол үйқамаққа ауыстырылды.

Оқиға кезінде полицей ішпеген, рульге  отырғанда сау болған, – деді  БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы