Алматы қаласында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау шарасын жүргізді.
Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.