Полиция қызметкерлері туристерді әуе рейсімен Пәкістан Республикасына жіберді.
Пәкістандық туристер Қазақстаннан күштеп шығарылды
Фото: polisia.kz
2,379
оқылды

Астана полициясы Пәкістаннан келген туристерді елден мәжбүрлі түрде шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-профилактикалық  шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістан Республикасының бес азаматын анықтаған. Шетелдіктердің елорда аумағына туристік виза арқылы кіргені және белгіленген мерзімде елден шықпағаны белгілі болды.

Мигранттар Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылды. Полиция қызметкерлері туристерді әуе рейсімен Пәкістан Республикасына жіберді.

Астана қаласының Полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 14-18 қазан аралығында жедел-профилактикалық шара өткізіп жатыр.

ЖПІШ басталғаннан бері полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 217 шетелдік пен 27 Қазақстан  азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 шетел азаматы елден шығарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.