Түркияның Малатия провинциясында болған жер сілкінісінен 187 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Түркия Республикасының ІІМ басшысы мәлімдеді.
- Түркияның шығысында орналасқан Малатия провинциясындағы жер сілкінісінен 187 адам зардап шекті. Олардың 43-і қатаң бақылауда, - деп мәлімдеді ол.
Бұған дейін Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлаған едік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.