Жолаушылар мен жүргізушілерге ескерту жарияланды.
“ҚазАвтоЖол” 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады
568
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 17 қазанда 9 өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Компанияның мәліметінше, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарында жаңбыр, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр және қар жауады деп болжанғандықтан, жолаушылар мен жүргізушілерге ескерту жариялады.

«Осы себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тәулік бойы қосымша жол қатынасына байланысты 1403 нөміріне хабарласып, білуге болады.