Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық Pensiero басылымы Димаш туралы «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» деген мақала жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz dimashnews.com-ға сілтеме жасап.
Димаштың Астанадағы жеке концерттерін тамашалаған автор қазақстандық музыкант, оның қалыптасуы, отбасылық және ерекше дауысы туралы әңгімелеп, әртістің тұлғасына бүкіл адамзатты байланыстыратын дәнекер деп баға береді.
«Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік», – деп жазылған мақалада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.