Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады.
Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелестен кейін ер адам көз жұмды
Фото: видеодан алынды
405
оқылды

Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның бірі екіншісін жерге құлатып, соққының астына алған. Жәбірленуші содан кейін есін жимай, көз жұмған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Содан кейін бетінен бірнеше рет ұрған.

Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. Ал 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.

22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қаралып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.