Алматыда бір мезетте жеті бірдей көлік соқтығысты. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматыда 16 қазанда болған жол апатының оқиға орнынан түсірілген видеосы тарады.
Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты күндізгі сағат 15.30-да Алатау ауданында болған.
"Автокөлік жүргізушілері көше бойымен ілеспе бағытта жүрді. Салдарынан "ГАЗ" маркалы машина жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Алатау аудандық Жол полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті", – делінген хабарламада.
Жаппай жол апатына кімнің кінәлі екені тергеу аяқталған соң белгілі болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.