Шу және Меркі аудандарында шамамен 102 келі марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Жамбыл облысында екі қылмыстық топ ұсталды
фото: ҰҚК баспасөз қызметі
2,961
оқылды

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен, Шу және Меркі аудандарында шамамен 102 келі марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.