Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты (видео)
Фото: dimashnews.com
328
оқылды

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа лирикалық әнін тыңдармандар назарына ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Димаштың жаңа әні композитор Қайырғали Қожанбаевтың «Ризамын тағдырға» атты шығармасы. Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазып, видео жариялады.

– Достарыма керемет экспромт видео үшін алғыс, аранжировка үшін  Ренат Гайсинге және Ерлан Бекчуринге ерекше алғыс, – деп жазды ол.

Ал тыңдармандары әдеттегідей әншінің жаңа туындысына жоғары баға беріп, сәттілік тілеп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.