Мұндай өзгерістер 2025 жылдан бастап енгізілуі мүмкін.
Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардағы алғашқы жарна мөлшері азаюы мүмкін
1,999
оқылды

2025 жылдан бастап мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың алғашқы жарнасы 10%-ға дейін азаюы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы  «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимова Сенат кулуарында айтты.

«Алғашқы жарнаны 10%-ға дейін түсіру мәселесін біз Құрылысшылар қауымдастығымен бірлесіп талқылап жатырмыз. Алғашқы жарна тұрғын үйді толық аяқтап, сатуға ұсынатын компаниялар үшін азаюы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, қазір тұрғын үйге мұқтаж жандар ипотекаға үй алған соң, ол баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тағы несие рәсімдеуге мәжбүр. Бұл «ноу-хау» елде кең етек жайып барады. Сондықтан жөндеу жұмыстарын құрылысшылар есебінен жүргізіліп, азаматтардың қарыздық жүктемесін азайтуды көздеп отырмыз», – деді банк өкілі.

Ләззат Ибрагимова мұндай өзгерістер 2025 жылдан бастап енгізілуі мүмкін екенін айтты.