“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев екі қабатты жер үйін көрсетіп, қоныс тойын жасады.
Таудың етегінде орналасқан: Көпшілік Сәкен Майғазиевтің су жаңа үйіне тамсанып жатыр
Видеодан алынған кадр
24,092
оқылды

Өнер иесі қоныс тойға тек әріптес достарын ғана шақырған, – деп жазады Aikyn.kz.

“Сәкен мен Динараның ақ шаңырағына қонаққа келдік. Өнердегі біраз достарымыздың басы қосылып, қуанып жатырмыз. Алдымен Сәкен ер адамдарға рум-тур көрсетейін деп жатыр. Сосын әйелдер үйді аралаймыз”, – деп жазды Бота Бейсенова. 

Одан кейін Абай Бегейдің әйелі де өнер иесінің үйін толық көрсетіп шықты. 

“Керемет адамдардың үйіне қонаққа келе жатырмыз. Дәл тапқан адамға сыйлығым бар. Ауласының өзі орман сияқты. Таудың етегінде орналасқан. Неше түрлі шыршадан бастап, талдар егіліпті. Үй иелерінен “Түсіре беруге рұқсат па?” деп мың рет сұрадым. Менің оқырмандарыма да дәл осындай үй жұғысты болсын!”, – деді Фариза Жұманова. 

Сондай-ақ Сәкен Майғазиев те ұлының бөлмесін ерекше көрсетіп, келін күтіп жүргенін жасырмады. 

“Бәріңізге жұғысты болып, осындай зәулім үйде тұру бұйырсын. Мынау Әділеттің бөлмесі. Әдейі тау жаққа қаратып, үлкен терезе орнаттық. Болашақта келін осы тауға қарап оянсын деген ниет бар. Келін күтіп жүрміз”, – деп жан сырын ақтарды әнші.