Клара Исаның айтуынша, кейінгі кезде әлеуметтік желідегі оқырмандары Биволдардың дауына қатысты пікірін сұрап, жиі сұрақ қойып, мазалайтынды шығарыпты.
Жанқош Тұраровтың әйелі: «Обал болды, себебі ол бәрін жоғалтты»
Instagram/klarita_os
29,949
оқылды

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса Дмитрий Бивол мен Екатерина Биволға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Боксшының әйелі өз өмірінде де мұндай жеке мәселелер бар екенін тілге тиек етті.

– «Бивол туралы сұрай бермеңіздерші. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз. Идеал адам болмайды ғой. Менің ойымша, Катяға обал деп емес, Димаға обал болды деген дұрыс шығар. Себебі, ол бәрін жоғалтты. Отбасын, балаларын, әйелін, титулдарын. Ал Катя аяққа тұрып кетеді, ин ша Алла», – деп жазды Клара Иса.

Айта кеткен жөн, кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволға бұрынғы әйелі талап қойды. Ол екі баласына пәтер алып беруді сұраған. Ал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен Әнару Қалдыбек арыз жазып, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын  мәлімдеген еді.