Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
Президент Ішкі істер министрінің орынбасарын лауазымынан босатты
Фото: akorda.kz
911
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Қақашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.

Мансап жолы:

– 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды;

– 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының Полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды;

– 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;

– 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы;

– 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.