Бұл туралы әнші әлеуметтік желіге видео түсіріп, айтты.
Жанар Айжанова: «Мені де тұқымыңмен құртамын деп қорқытқан»
7,867
оқылды

Танымал әнші, әртіс өзіне әлеуметтік желіде былапыт сөз айтып, оның Хасанмен байланысы барын жазғандарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Құрметті ағайындар! Ауыз менікі деп оттай бермеңіздер! Маған бір қатын жазыпты: үйіңдегі әлдеқандай қылып өсіріп отырған сылдырмағыңды, жиеніңді өскен кезде бандиттер келіп бауыздап өлтірсін. Мен соны тілеймін депті. Сонда ол қандай ана?! Сендер қандай анасыңдар? Аузыңа келгенді оттап жатырсыңдар. Қызымды жерден алып, жерге салып жатыр. Мен ешкімге ештеңе деген жоқпын ғой. Мен мұндай нәрсені жақсы түсінемін. Менің де 12 жыл бұрын інімді өлтіріп кеткен. Кәдімгі атақты бір адамдар екен. Істемегендері жоқ. Мен ешкімді шулатқан жоқпын ғой. Өзім шештім. Оны өтіп кеткенбіз. Мені де қорқытқан сол кезде тұқымыңмен құртамын деп. Сонда қандай анасыңдар сендер? Біреудің баласына өлім тілеп отырған. Сендер артықсыңдар ма сонда? Неше түрлі қатындар, 12-де бір гүлі ашылмаған, 16, 17-дегі қыздар жазып жатыр. Сендерге не жоқ? Мен шынымен ешкімнің отбасына араласпаймын, айтқаным айтқан. Ешкімге араласпаймын", – деді ол. (Жанар Айжанованың пікірі қаз-қалпында жарияланды - ред.)

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде ауыр сөз айтып, өзіне тіл тигізген адамды сотқа беретінін айтты.