Депутаттың сөзінше, интернеттегі трендке айналған бұл дүние жұқпалы аурудай кеңінен тарап барады.
«Нағыз айуандыққа қадам басып жатыр»: депутат ата-аналарға үндеу жасады
Фото: parlam.kz
1,096
оқылды

Бұл туралы ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

ДАБЫЛ!!! Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп, солардың күйін кешуде (мяулайды, үреді, ұлиды). Тіпті тамағын жейді. Шетелде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылыққа емес нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы аурудай. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеуде. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр! Сақ болыңыздар, – деді ол.

Депутат бұл мәселенің анық-қанығын нақтылау үшін құқық қорғау органдарына жүгінген. Сонымен қатар арнайы заң қабылдау үшін ұсыныс айтқан.