Барлық өңірде тұман түсіп, жел күшейеді.
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай  болады?
1,711
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19-21 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің шығысында ғана ауа райы жауын-шашынды болып, қар жаууы мүмкін.

Қазақстанның барлық аймағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік облыстарда көктайғақ, оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі.

Сонымен қатар тәулік ішінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде:

  • батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте +5+13°С-қа дейін,
  • шығыста, орталықта +8+18°С-қа дейін,
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +15+22°С-қа дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.