Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды
3,050
оқылды

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді,

– Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К. Бекманов атқаратын лауазымынан босатылды.

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, – делінген ресми ақпаратта.

Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.

Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаевтың та қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.