Оған бес жылға дейін Қазақстанға аумағына кіруге тыйым салынды.
8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Шымкентте ұсталды
468
оқылды

Шымкентте полиция қызметкерлері 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтаған.

Халықаралық іздеуде жүрген 41 жастағы қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.

Қазір ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.