ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.
Түркістан облысында 3 тонна шөп өртеніп кетті
477
оқылды

Түркістан облысына қарасты Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 3 тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.