TALQYLAU диалог алаңына жиналған сарапшылар елдің экономика мен қоғамдағы жұмысшы мамандықтарға қатысты ой бөлісіп, осы бағыттағы жұмысты дұрыс жүзеге асырудың тиімділігі туралы ұсыныстарын жеткізді.
Сарапшылар жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын талқылады
845
оқылды

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының TALQYLAU диалог алаңында «Экономика мен қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының рөлі» тақырыбындағы сарапшылар мен сала мамандарының талқылауы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды елімізде Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. 

«Өздеріңізге белгілі Президент халыққа Жолдауында маңызды міндеттердің бірі – кадрлық әлеуетті нығайту туралы айтты. Елімізде негізгі салаларда мамандар жетіспеушілігі сезіліп жатыр. Сондықтан да осы мәселелерді ашық талқылап, пікір алмасу үшін біз TALQYLAU диалог алаңында бас қосып отырмыз», – деді  «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

TALQYLAU диалог алаңына жиналған сарапшылар елдің экономика мен қоғамдағы жұмысшы мамандықтарға қатысты ой бөлісіп, осы бағыттағы жұмысты дұрыс жүзеге асырудың  тиімділігі туралы ұсыныстарын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз жұмысшы мамандықтарға жыл сайын грант санын арттырып келеміз. Сонымен қатар оқу аяқтаған соң жұмысқа орналасуына назар аударамыз. Келер 2025 жылды Президентіміз жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл осы мамандықта білім алып жатқан жастарға үлкен қолдау жасалады дегенді білдіреді», – деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Диалог алаңында айтылған ұсыныстар мен көтерілген сұрақтар алдағы уақытта партия назарында болып, нақты жұмыстар атқарылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.