Бұл туралы ойын адвокат Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
Танымал адвокат блогер Жан Ахмадиевті қатаң сынға алды
2,764
оқылды

Танымал адвокат Ләззат Ахатова әншілерді Талғардағы жағдаймен сұрақтың астына алған блогер Жан Ахмадиевті қатаң сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

”Ана бір блогер жігіт (Хасан угрожать еткен, якобы) неғып әншілерді қуып жүр? Жанар Айжанованың жүйкесіне тиіпті енді, әбден. “Аулақ жүрші” деп, ұрсып жүр ғой. Жазбаса, жазбасын. Әркім өзі біледі ғой. Бастары ауырмайтын шығар. Той-думандарынан қолдары тимейтін шығар. Маңызды шаруалары бар шығар. Маңызды адамдарды неге мазалайды, түсінбеймін?!

Қалжың қалжыңмен, бірақ анау жігіттікі орынсыз, негізі. Бір адамдар өз басына түспесе, біреудің қайғысын түсінуге қауқарсыз болады. Немесе өзін тым жақсы көргендіктен, “алтын уақытын” басқаның проблемасына жұмсамайды. Өзіне қатысты нәрсені ғана айтады. Сырт көзге ғажап эмпат, жан дүниесі бай боп көрінгенмен, қара басының қамы ғана - ойлайтыны. Көзбояушылық көп қой, жалпы, айналада. Бір адамдар қатыгездіктен есеңгіреп, ауырып қалады. Сосын құқық қорғау органдарындағы былықты әншілер мен жұлдыздар шешетін бе еді? Хасанмен суретке түссе, түсіпті. Маңдайына “хутордың бандиті” деп, жазып қоймағасын, қайдан біледі, кім екенін? Білген күнде, оның не қылмысы барын қайдан біледі? Бірге барып, өлтіріспеген шығар. Осы не әдет? Хайп па? Популизм ба? Не деп атайды бұны? Ерінбей, әр әншіні тауып алып, “неғып үндемей отырсың?” дегені менің миыма сыймады енді, Сіздерді қайдам. Жеке бастың шекарасы, әркімнің өз құқығы, қарапайым этика ұғымдары қалмаған-ау, бұларда? Рейтинг па, контент па, сол үшін ештеңені ар санамайтын, ештеңеден тайынбайтын болды ғой.

Өсекші топтар бірінен кейін бірі “Жанқош Тұраровтың әйелі күйеуінің ешкімді қонақ үйге шақырмағанын, зорламағанын айтты” деп, жар салып жатыр, бүгін. Оншақтысын оқыдым, өз басым. Оқымағаным қанша екен? Шерзаттың темасы бітсе, сол өсекті мыжиын деген шығар. 

Не логика, бұл енді? Кім мойындайды ел алдында, “иә зорлап едік, біз оңбағанбыз, күйеуім сондай” деп. Сосын неге ол үшін әйелі жауап беру керек? Неге ол сұрақ әйеліне қойылады? Әркім өз ісіне өзі жауап беру керек. Қыз зорлағанда әйелін ертіп бара ма екен, әлде? Шырақ жағып тұратын шығар, қасында? Көмектесіп. Дәрісін құйысып. Не боп кеткенбіз, өзі? Аңдығанымыз – сөз, біреудің өмірі, біреудің мұңы, қайғысы. Істің мән-жайын анықтайтын, шешім айтатын Жанқоштың әйелі емес, істі жүргізетін органдар", – деп жазды адвокат. 

Ләззат Ахатова істің бітпегенін де алға тартты. Жазатын кезде, жазатынын да жеткізді.

"Бағдарламаға да шығып қалармыз. Оны сол кезде айтамыз. Қыршын жастың өлімі боп жатқанда, өз ісімізді жағаластырмайық деген оймен, ештеңе жазып жатқан жоқпын деп айтқанмын, өткенде. Бұл істе адам өлімі жоқ қой, әйтеуір деп. Сонда да өсек аңдып, кейбіреулер сол тақырыпты қоймай, қозғап отыр... Мен ыңғайсызданып отырмын, солар үшін. Қылмыстық іс бүгін басталып, ертең аяқталатын дүние емес қой. Қанша нюансы бар, заңсыздықтары бар, оған жазылған шағымдар бар. Оларға жауап беру бар дегендей”, – делінген автордың жазбасында.