Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төра­ғалығымен бюро отырысы өтіп, ал­­да­ғы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс тасымалдауға қатысты заңды қарайды
246
оқылды

Бірінші оқылымда депутат­тар­дың талқылауына жолау­шыларды автомобильмен та­сымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады. Бәсе­ке­лестік ортаға жолаушыларды облысаралық және халық­ара­лық тұрақты тасымалдауды, тұрақты емес тасымалдауларды, сондай-ақ такси қызметін ұйымдастыру бойынша бірқатар мемлекеттік функцияны беру көзделген. Осыған байланысты «Көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Астана мәр­тебесі туралы», «Рұқсаттар мен ха­барламалар туралы», «Қа­зақстан Республикасының кей­бір заң­намалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу ту­ралы» заң­дарға өзгерістер енгізу қарас­тырылады.

Сондай-ақ күн тәртібі жо­басына Еуразиялық экономи­калық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арнал­ған қоймалық куәліктерді шы­ғару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау ту­ра­лы заң жобасы енгізілді. Құжат ауыл шаруашылығы саласын­дағы ынтымақтастық пен өзара сауданы дамытуға бағытталған.