Дәрігердің айтуынша, шампунь, кондиционер және күтім құралдарын дұрыс таңдай білу шаштың қалпы мен сыртқы түріне үлкен әсерін береді.
Күнде бас жуу денсаулыққа зиян ба? – Дәрігер жауабы
Ашық дереккөз
450
оқылды

Медицина ғылымдарының докторы, венерологиялық аурулар кафедрасының профессоры Григорий Флакс күнде бас жуудың неліктен зиян екенін айтып берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Риа.Новости басылымы жазғандай, бүгінде шашыңызды күн сайын жуудың зиянды екені туралы ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда шашты жуу арасында тым ұзақ үзіліс жасап қажет емес. Бұл дерматиттің, пустулярлы бөртпелердің және басқа да жағымсыз көріністердің пайда болуына әкелуі мүмкін. 

"Егер шашыңыздың жағдайына сәйкес келмейтін гигиеналық құралдарды пайдалансаңыз, шашты күнделікті жуу ақуыздар мен липидтердің шайылуына және терінің эпидермиялық тосқауылына зақым келтіруі мүмкін. Тіпті, Malassezia тектес саңырауқұлақтар белсендірілуі мүмкін, терінің микробиомасы бұзылып, қайызғақ тудыруы да ғажап емес",  дейді маман.

Оңтайлы өнімді және сусабынмен жуу жиілігін дұрыс таңдау үшін шашыңыздың қандай типке жататынын анықтау керек. Құрғақ шаштарды аптасына екі реттен артық жуу ұсынылмайды. Майлануға бейім шашты аптасына кемінде үш рет, тіпті одан да жиі жуу керек. Жуу үшін кептіргіш және адсорбциялық әсері бар компоненттерден тұратын сусабынды қолданған дұрыс. Бұл майдың бөлінуін бақылауға және шаштың тез ластануын болдырмауға көмектеседі.