Бүгінде азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам адам қызмет атқарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның ішінде өрт сөндірушілер, сүңгуірлер, кинологтар, дәрігерлер, психологтер, төтенше жағдайға тап болғандардың бәріне бірінші болып көмекке келуге дайын басқа салалардың өкілдері бар. Олардың әрқайсысының жұмысы жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және жанқиярлықты талап етеді.
Биыл құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 70 мыңнан астам шығу жасады, 12 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 65 мыңнан астам адам эвакуацияланды, зардап шеккен 4,6 мың адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Батыр мамандық иелеріне зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз, әрқашан үйге аман-есен оралыңыздар!