Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға ПД жаңа басшысын таныстырды.
"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр нақты тапсырмалар берді.
ІІМ басшысы Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Қорытынды бойынша нақты тапсырмалар берілді.