Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау дерегі үшін сотталды.
Қарағандыда сотталушыны азаптаған түзеу мекемесі қызметкеріне сот үкімі шықты
GOV.KZ
1,158
оқылды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамды азаптаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне үкім шығарды, – деп жазады Aikyn.kz.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады", – деп жазылған Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушы әділет капитаны атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.