Кәсіби мереке – орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев сала ардагерлеріне және орман саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Министр атап өткендей, орманшылар еңбектері еліміздің табиғаты мен экожүйелерін сақтауда орасан зор маңызы бар. Олар ормандарды қорғап, қалпына келтіріп қана қоймай, биоалуантүрлілікті сақтап, болашақ ұрпаққа таза ауа мен дені сау табиғи орта қалдыруға үлес қосып келеді.
Орман шаруашылығындағы жұмыс үлкен күш-жігерді, батылдық пен жанқиярлықты талап етеді. Орманшылардың арқаларыңда ормандарымыз әлі де әсемдігімен, тіршілік күш-қуатымен қуанта береді.
Мінсіз еңбегі мен мамандыққа деген адалдығы үшін, салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалімен Мұратбек Молдашұлы Мужубаев, Нұржан Тілеужанұлы Ысқақ, Ережеп Ертайұлы Жанатаев марапатталды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен Мұнайтбас Әлшериев, Мақсат Барлыбайұлы Жұмабеков, Самат Абдоллаұлы Мұртазин, Асхат Сейітұлы Кертешев, Махамет Қырғызханұлы Ноғайбаев, Аркадий Маркович Родионов, Виктор Андреевич Грибов және Болат Сламбайұлы Чежимбаев марапатталды.
Шараның соңында министр, бұл мереке орман шаруашылығымен айналысатын адамдар еңбегінің маңыздылығын және олардың елдің орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтуге арналғанын айтып, жиналғандарға жұмыста табыс пен құт-береке тіледі.