Ақмола облысы Полиция департаменті де бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел көз жұмды
Фото: istockphoto.com
633
оқылды

Ақмола облысы Бестөбе ауылында 34 жастағы әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Nayzakokshe-ге сілтеме жасап.

Әйел жетінші баласына жүкті болған. Туыстарының айтуынша, ол шаршағанын айтып, демалу үшін жатқан. Содан кейін оянбаған. Қайғылы оқиға болған кезде үйде балалары, жұбайы және ата-анасы болған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер әйелге көмек көрсетуге үлгермеген. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, әйелдің өліміне «жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі» себеп болған.

«Алдын ала себеп – жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарына көңіл айтамыз», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақмола облысы Полиция департаменті де бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.