Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген, - деп жазады Aikyn.kz.
Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02.02-де тіркелген.
lada.kz сайтының мәліметінше, дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11.39-да болған.
Екі жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.
Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.
Еске салсақ, 17 қазан күні түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.