41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.
Шымкент полицейлері 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады
Әсет Құндақбаев
3,385
оқылды

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.

Атап өтейік, 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2024” жедел профилактикалық шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 556 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 135 адам орналастырылды. ҚР-да болу ережелерін бұзған 408 шетелдік азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілік қаралды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 114 қазақстандық ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен және тағы 34 Қазақстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының талаптарын бұзған. Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 61 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды. 44 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.