Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Sinegor.kz басылымы жазғандай, әйел отбасымен үйде болған, бір уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, жатып демалуға шешім қабылдайды. Кейін туыстары оны өлі күйінде тапты. Ол жүктіліктің 34-аптасында болды.
Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ.
Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.