Танымал әнші Тоқтар Серіков «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында балалары жайында әңгімеледі.
Төрт ұлымда төрт үйір жылқы бар: әнші Тоқтар Серіков байлығы туралы айтты
2,569
оқылды

Сондай-ақ төбет пен тазы асырайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Ауылда – кіндік қаным тамған жерде жеке шаруашылығым бар. Сонда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өздерінің айғырларын біледі. Әр үйірде қанша бас барын біледі. Мұны байлық ретінде емес, «иесі мен екенмін ғой, мен де қажетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой» деген ой болсын деп істедім, – деді ол.

Сондай-ақ әнші тәрбиені ауылдан алғанын, сондағы ағайынды жақсы көретінін айтты.

Ұлдарымның бір-бір иті бар, төбет те, тазы да. Енді бүркіт, қаршығаға қызығып жүр.  Бірақ бұл қиын. Оны баладай бағу керек. Оған менің уақытым жетпейді. Өзім тәрбиені ауылдан алдым, сондықтан елге жақын болсын деп жасап жатырмын. Ауылда өскендіктен, ондағы барлық ағайынды жақсы көремін. Құрметтеймін, – дейді Тоқтар Серіков.