Танымал кәсіпкер, өнертапқыш Илон Масктың анасы, модель Мэй Маск Қазақстанға сапары жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
76 жастағы модель Алматыда өткен BeWomen форумына қатысқан болатын.
«BeWomen форумында сахнада көңілді уақыт өткіздім. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым, сондай-ақ әдемі қолөнермен жасалған пальто киіп, қызық оқиғаларға, сұлулыққа және табысқа толы кеңесімді бердім», – деп жазды Мэй Маск өзінің Instagram парақшасында.
Cонымен қатар модель Қазақстанда әуежайдан әсерлі әуенмен, гүлмен қарсы алып жатқан видеоны жариялап, алғыс айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.