Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-488 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық банктің 21 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 485,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,04 теңге. Еуро – 525,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,3 теңге. Еуро 524,5-528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99-5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.