Фетхуллах Гүлен 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан еді.
Фетхуллах Гүлен қайтыс болды
1,202
оқылды

Түрік жазушысы, қоғам қайраткері және бұрынғы имам, FETO ұйымының жетекшісі (Түркияда террористік ұйым деп жарияланған) Фетхуллах Гүлен 83 жасында АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы ауруханада көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы X әлеуметтік желісінде оның немере інісі Эбуссеме Гүлен мәлімдеді.

 – Фетхуллах Гүленнің рухы мәңгілік мекеніне аттанды,  – деп жазды ол.

CNN Turk арнасының мәліметінше, Фетхуллах Гүлен өмірінің соңғы жылдарында бүйрек ауруына ұшырап, қант диабеті және деменциямен күрескен.

Еске сала кетейік, Түркия билігі оны 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған болатын. Аталған төңкеріс салдарынан 251 адам қаза тапты. Фетхуллах Гүлен Түркияда сырттай айыпталып, Анкара Вашингтоннан оны елге экстрадициялауды талап етті. Ал оның FETO қозғалысы Түркияда террористік ұйым деп танылған. 

Ф.Гүлен 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.